Алматы облысының тұрғындары 42500 теңге алуға құжат тапсыра бастады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі төтенше жағдайға байланысты табысынан айрылған азаматтарға Үкімет тарапынан әлеуметтік көмек тағайындауды тапсырған болатын. Алматы облысының тұрғындары 42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемге өтініш беріп, құжаттарын рәсімдей бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі таңда 30-ға жуық азамат құжат тапсырған. Облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Бақыт Тоқтарқызының айтуынша, науқан енді басталады.

«Egov» порталы арқылы «электронды қолтаңбаны» қашықтықтан алу қызметіне жүгініп, ары қарай өзіңізге керекті бөлімшеге кіріп, тиісті құжаттарды өткізуге мүмкіндік бар. Жұмысынан айырылған елдегі барлық азамат бұл игі істің шарапатын көре алады», -дейді Бақыт Тоқтарқызы.

Қазіргі таңда Алматы облысы бойынша 3100 адам төтенше жағдайға байланысты ақысыз демалысқа шықты. Мамандар бұл көрсеткіш алдағы уақытта еселене түсетінін айтады.


Соңғы жаңалықтар