Алматы облысының тұрғындары 2 балдық жер сілкінісін сезінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының» стансасы 16 қазанда 8 сағат 10 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік батысқа қарай 452 шақырым жерде, Қытай аумағында тіркелді.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 12.9. MPV тербелісі - 5.6. Эпицентр координаты  44.40° с.ш. 82.27° в.д. Тереңдігі - 10 шақырым.

Облыстық ТЖД деректеріне қарағанда, Алматы облысының Райымбек ауданы Шалкөде мен Нарынқол ауылдарында, Ұйғыр ауданы Кетмен ауылында  2 балдық жер дүмпулері сезілді.

  

Соңғы жаңалықтар