Алматы облысының төтенше жағдайлар қызметкерлері түрлі плакаттармен көшеге шықты

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының төтенше жағдайлар қызметкерлері түрлі плакаттармен көшеге шықты. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ойлаған мамандар ескертпелерді плакаттарға жазып алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сіріңке балалар ойыншығы емес!», «Тоқта, үтікті өшір!», «Сіз пештің жарықтарын бітедіңіз бе?!», «Сіз пештің құдығын тазаладыңыз ба?», «Өрт кезінде 101/112 қоңырау шал!», «Пешті қараусыз қалдырмаңыз!» деген сынды ескертпелерді мамандар көтеріп шықты. Сондай-ақ, дәл осы жазулар арнайы автокөліктерге жабыстырылып, Талдықорғанның көшелерімен жүріп өтті.

«Адамдар көп жиналатын жерлерде дауыс зорайтқыш құрылғылар арқылы пештер мен электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрттердің алдын алу, сондай-ақ адамдардың газдан улануының алдын алу бойынша орыс және мемлекеттік тілдерінде «Абайлаңыз, улы газ!» «Пештерді пайдалану және электр жабдықтарын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелері», «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі» және т. тақырыптарда халыққа ескертулер айтылды» деп мәлімдеді Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Талдықорғанда өткен аталған шараға 141 адам қатысты.

Соңғы жаңалықтар