Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті ескерту жариялады
2016 жылғы 2 желтоқсан 18:06

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті ескерту жариялады

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты облыстық төтенше жағдайлар департаменті ескерту жариялады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазгидромет орталығының мәліметінше, желтоқсанның 2-нен бастап Алакөл ауданында қатты жел соғады деп күтілуде. Желтоқсанның 3-4 күндері Алакөл көлінің маңында оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 30 метрге дейін жетеді деп күтілуде.

Айта кетейік, қатты соққан желден толқын көтеріліп, Алакөл көлінің жағалауын көл суы шайып жатыр. Мәселен, Көктұмадағы ауылдың бір шақырымдай жері көлдің астында қалды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ол жерде бүтін бір ауылдың көшесі болған.

Jańalyqtar

MURAǴAT