Алматы облысының таулы аймақтарында найзағай түсуі мүмкін

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының таулы аймақтарында қатты жел соғады деген болжам бар. Төтенше жағдайлар департаменті ескерту хабарламасын таратты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» РМК-ның 30 сәуірдегі дауылды ескертуінің негізінде 1 мамыр күні Алматы облысындағы Алакөл көлінің аумағында оңтүстік-шығыстан жел соғуы мүмкіндігін ескертеміз. Желдің екпіні секундына 24-29 метрге дейін жетеді. Сонымен қатар, таулы аудандарда күн күркіреп, найзағай түсуі ықтимал«, - делінген Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, ТЖД тұрғындарды ауа райының өзгеруін бақылауға және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

»Дауылды ескертулер және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз«, - деп толықтырды ведомствоның баспасөз қызметінен.

Бұған дейін Атырауда шаңды дауыл соғып тұрғаны хабарланған.


Соңғы жаңалықтар