Алматы облысының тауларында қар көшу қаупі күшейді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алдағы күндері Алматы облысының таулы аймақтарында қар көшкіні жүруі мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, өткен тәулікте еліміздің таулы аймақтарында қар жауған жоқ. Қар бетінде ешқандай өзгеріс болмаған. Таудағы ауа температурасы еліміздің шығысында 10-30 градус суық болса, оңтүсткік-шығыста 3-10 градус аяз болды. Ал оңтүстікте 2-5 градус нөлден төмен көрсеткішті көрсетті. Күндіз +4 градусқа дейін жылынды.

Жел мен боранның күшеюі байқалмаған. Сондықтан қар көшкіні қаупі болмады. Бірақ алдағы күндері 3-4 ақпанда Алматы облысында қар жауып, қар көшкіні болуы мүмкін. Сондықтан тауға шығудан бас тарту қажеттілігі ескертілді.

Соңғы жаңалықтар