+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Алматы облысының тауларында адасқан екі қыз құтқарылды

2021 жылғы 20 маусым 18:30
Бөлісіңіз:
Алматы облысының тауларында адасқан екі қыз құтқарылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының тауларында екі қыз адасып кетті. Оларды республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері іздеп тауып, құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысындағы мониторингтік топтар 87 млн теңгеге айыппұл салды Алматы облысында биыл 1 млн тоннадан астам дәнді дақыл жинау жоспарланып отыр Өткен тәулікте Алматы облысында 254 адам КВИ жұқтырды

Республикалық жедел-құтқару жасағына тауда екі қыздың жоғалғаны туралы ақпарат 19 маусымда түскен. Екі құрбы Букреев шыңына көтеріліп, қайтарда Бутаковка шатқалымен қайтуды жоспарлайды. Алайда әңгімелесіп келе жатып, бағытынан жаңылып, адасып қалған. Қыздар көп ойланбастан құтқарушылардың көмегіне жүгінген. Ақпарат түсе салысымен арнайы жасақ іиісшіл итпен бірге Пионер шыңы арқылы қыздарды іздеуге шыққан. Туристер геолокациялық мәліметтерін жіберген. Құтқарушылар көп ұзамай оларды теңіз деңгейінен 1900 метр биіктіктен тауып, көмек көрсетті.

Республикалық жедел-құтқару отряды баспасөз қызметінің мәліметінше, тауда жауған жаңбырдан саяхатшылар су болып, мұздаған. Арнайы жасақ қызметкерлері бойжеткендерге ыстық шай, құрғақ киім беріп, қалаға аман жеткізген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT