Алматы облысының спорт мектептеріне жаңа автокөліктер берілді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов және облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен Талғар ауданының үш спорт мектебіне 5 су жаңа автокөлік берілді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараға аудан әкімі Серікжан Ерекешев қатысып, көлік кілттерін салтанатты түрде табыстады.

«Талғар ауданының «Алмалы» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 20 млн 500 мың теңгеге Hyindai H350 шағын автобусы (17 орындық) берілді.

«А.Кивилев атындағы велоспорттан облыстық олимпиада ізбасарларын дайындауға арналған арнаулы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне» - 6 млн 250 мың тг. қаражатқа - Lada Vesta, 9 млн 840 мың теңгеге 2 дана – Lada Largus (7 орындық) автокөліктері алынды.

«Қысқы спорт түрлерінен облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне» – 11 млн 500 мың тг. қаражатқа Газель (16 орынды) шағын автобусы алынды.

«Қазіргі таңда аудандағы жалпы халық санының 30,0%-і, яғни 62040 адам спортпен шұғылданады. Оның ішінде спортпен шұғылданушы жасөспірімдер саны 19 395. Яғни аудандағы жалпы халық санының 9,1%», - делінген Талғар ауданы әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.

Талғар ауданында жастардың бос уақытын тиімді пайдалануы үшін барлығы 242 спорт нысаны халыққа қызмет етеді. Оның ішінде 3 стадион, 2 спорттық сауықтыру кешені, 9 жүзу бассейні, 63 спортзал, 56 спорт алаңдары, 57 футбол алаңы, 12 соңғы үлгіде жасалынған шағын-футбол алаңдары, 6 теннис корты, 4 тау шаңғы трассалары, 1 жабық хоккей алаңы, 5 спорт мектебі және т.б. 24 спорттық объекті бар.


Соңғы жаңалықтар