+7 (701) 759 90 19
USD 419.87 EUR 508.04
RUB 5.7 CNY 65
Jańalyqtar

Алматы облысының соты карантинге жабылды

2021 жылғы 21 қаңтар 08:31
Бөлісіңіз:
Алматы облысының соты карантинге жабылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы облысының соты 20 қаңтардан 2 ақпанға дейін карантинге жабылды.

Ұқсас жаңалықтар
Алматылық дәрігер COVID-19-дың балаларға әсерін айтты Алматылық дәрігерлер қаңтарда 1,77 млрд теңге көлемінде үстемеақы алды Түркістан облысында қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы қайта жанданды

Бұл туралы соттың Facebook -тегі парақшасынан мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Талдықорған қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 20 қаңтардағы «Алматы облыстық соты» РММ ғимаратында және аумағында карантиндік шаралар енгізу туралы» қаулысымен облыстық сот және оның аумағында 2021 жылдың 20 қаңтарынан 2 ақпанына дейін карантиндік шаралар енгізілді»,-делінген хабарламада.

Қаулы талаптарына сәйкес:

Соттың жұмысы қашықтан жұмыс режиміне толық ауыса отырып, толығымен тоқтатылады;

Сот ғимаратына СЭҚ қызметкерлерінен басқаларының келуіне қатаң тыйым салынады;

Осы мерзімде қарауға тағайындалған істер кейінірек мерзімге ауыстырылады, тағайындалған күні мен уақыты туралы ақпарат қатысушыларға қосымша жолданады;

«Қылмыстық процессуалдық кодекстің 107-бабына сәйкес келіп түскен материалдарды судья Талдықорған қалалық сотының ғимаратында қашықтықтан қарайды»,-деп жазады Алматы облысы бойынша соттар Әкімшісі басшысының міндетін атқарушы Е.Айтжанов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT