USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Алматы облысының Шұбар ауылдық округіндегі әкім сайлауында 88 жастағы қария дауыс берді

2021 жылғы 12 қыркүйек 19:15
Бөлісіңіз:
Алматы облысының Шұбар ауылдық округіндегі әкім сайлауында 88 жастағы қария дауыс берді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Шұбар ауылдық округіндегі әкім сайлауында 88 жастағы қария дауыс берді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ауылда өнер мектебі ашылды - Алматы облысы Жамбыл Жабаевтың «Жамбыл әлемі» 30 томдық шығармалар жинағының тұсауы кесілді Алматы облысында 225 мың адам Pfizer вакцинасымен қамтылады

Алматы облысындағы 71 ауылдық округте әкім сайлауы өткізілді. Бүгінгі таңда науқан Кербұлақ ауданы, Шұбар ауылдық округінде жалғасын табуда.

Өз таңдауын жасауға 88 жастағы ауыл тұрғыны, Орынтай Қазақпайұлы келді.

Ауыл ақсақалы саяси доданың бәсі биік екенін, сондай-ақ болашақ әкімнің мойнына артылар міндеттің жүгі ауыр болатындығын атап өтті.

«Бүгін шағын ауыл үшін мереке. Бұл тарихта болмаған жағдай. Ауылдың өсіп өркендеуі жолында білікті маман қажет. Сондай тұғырлы адам сайланады деп сенемін. Ауыл шаруашылығынан хабары бар маман келсе екен деп ойлаймын. Өйткені, халықтың табыс көзі де осы ауыл шаруашылығында жатыр»,- дейді тыл ардагері Қазақпай Орынтай.

Шұбар ауылдық округінде 3 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Мұндағы сайлаушылар саны 1 143-ті құрайды.

Соның ішінде 179 ауыл тұрғыны нөмірі 625-ші сайлау учаскесіне дауыс беруге тіркелген. Сайлауға жауапты тұлғалар, аталған аймақта дауыс беру барысында заң бұзушылықтар болмағанын айтты.

«Мен нөмірі 625-ші сайлау учаскесінде хатшы қызметін атқарып отырмын. Бүгінгі күнге ешқандай заңсыздық болған жоқ. Сағат 11-дегі мәліметтерге сәйкес, ауыл халқының 51%-ы өз таңдауын жасады»,- дейді Марзия Абдраимова.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерін тікелей сайлау туралы тапсырма берді. Мемлекет басшысының пәрменіне сәйкес, ағымдағы жылы 25 шілде күні республика аумағында ауыл әкімдерінің сайлауы өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT