Алматы облысының шаруалары өнімдерін жәрмеңке арқылы сатты (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Медеу аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

Алматы облысының 50-ге тарта фермері 50 тонна картоп, 10 тонна сәбіз, 20 тонна пияз, 5 тонна капуста, 2 тонна қияр, 3 тонна қызанақ, 7,5 тонна ет, 500 келі шұжық өнімі, 5 тонна алма сатты.

Қала тұрғындары аталған өнімдерді базар бағасынан 15-20 пайыз арзан бағада сатып алуға мүмкіндік алды.

«Мұндай жәрмеңкелер Алматы әкімі Бауыржан Байбектің тапсыруымен әлеуметтік маңызы жоғары азық-түлікке бағаны тұрақтандыру мақсатында жасалады. Бағаның базар нарқынан арзан екенін көріп тұрсыздар. Ет өнімдері 1000-1200 теңгеден сатылып жатыр. Базарда оның құны - 1500 теңге. Аудан тұрғындары апта соңында үнемі жәрмеңкеге келеді», - деді Медеу ауданы әкімдігі аппаратының кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің маманы Ернар Оразалиев.

Соңғы жаңалықтар