Алматы облысының Райымбек ауданында жер сілкінді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында жер сілкінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 8 ақпан күні Алматы уақыты бойынша 21 сағат 39 минутта жер сілкінісін тіркеді.

Жер дүмпуінің эпицентрі - Алматы қаласынан 255 шақырым жерде, Алматы облысының Райымбек ауданында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8.8.

MPV магнитудасы - 3.9.

Тереңдігі - 25 шақырым.

«Жер дүмпуі тұрғындарға сезілген жоқ» деп хабарлады Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті ақпаратты алғаннан кейін жергілікті атқарушы органдарды, полиция департаментін, Қазселденқорғау, прокуратура және басқа да ұйымдарды хабардар етті.

Ведомствоның мәліметінше, қираған ғимараттар мен зардап шеккендер туралы хабар түспеген.

Жер сілкінісі кезінде не істеу керек?

- ғимараттан шығыңыз (15-20 секундта);

- жоғарғы қабатта қалған жағдайда баланы құшақтап алып, есік ойығының орнына немесе іргелі қабырғалардан құралған бұрышта тұрыңыз;

- ешқандай жағдайда терезе жанында тұрмаңыз және балконнан секірмеңіз.

- ғимараттардан, құрылыстардан, бағаналар мен қоршаулардан алыс кетіңіз;

- үйге кірмеңіз: дүмпулер қайталануы мүмкін;

- жеделсатыны пайдаланбаңыз;

- сіріңке, шам жағуға болмайды;

- сымға қол тигізбеңіз;

- зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіңіз.


Соңғы жаңалықтар