Алматы облысының Райымбек ауданында 18 отбасыға демеушілер үй сыйлады

None
None
НАРЫНҚОЛ. ҚазАқпарат - Алматы облысының Райымбек ауданында 18 отбасыға демеушілер үй сыйлады. Қоныс тойын тойлаған жандардың барлығы - көпбалалы және аз қамтылған жанұялар, деп хабаралайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қуанышы еселеніп жатқан жанның бірі - Райымбек ауданының қақпасы саналатын Сарыжаз ауылындағы Исаевтар әулеті. 7 бала тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасы Исаев Серік пен Жазықбаева Шолпанға алты бөлмелі баспананы сол ауылдың О.Атеев, Т.Төлемісов, Н.Чубанов, Б.Кейкеев, Е.Жүнісбеков, О.Әбдіразақов, ағайынды Ғалым, Нарын сынды кәсіпкер азаматтары демеушілік жасап, сыйға тартты. Жомарт жандар баспанадан бөлек, тұрмыстық техника, үй жиһаздарымен де қамтамасыз етті.

Аудан орталығы Нарынқол ауылында да 4 бірдей отбасы баспанамен қамтылды. Атап айтсақ, аз қамтылған отбасы Оспанбаева Әлия мен Жетібаев Азамат ГУММ строй сервис ЖШС директоры Ертіс Несіпханұлының демеушілігімен, жалғыз басты көпбалалы ана Күлембекова Айгүл «ДСУ-13» АҚ директоры Владимир Михаиловичтың демеушілігімен, жеті баланың анасы, жалғызбасты ана Бақытгүл Бағашарқызы «FoodMS» ЖШС директоры Сейтжан Құсайыновтың, аз қамтылған отбасы, алты баланың ата-анасы Махат Тыштыбаев пен Динара Мырзаханқызының отбасы кәсіпкер Жанболат Қаратайұлының қолдауымен баспаналы болып, шаттыққа бөленді.

null

Одан бөлек Шалкөде, Қақпақ, Жамбыл, Тегістік, Сүмбе ауылдық округтерінен де көмекке мұқтаж отбасылар баспаналы болды. Райымбек ауданының әкімі Жолан Омаров, мәслихат хатшысы Ерлан Құдабаев, аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Бекболат Бірбаев баспана иелерін арнайы барып, шаңырақтарына шаттық тілеп, құттықтады. Демеушілер қуаныш иелеріне баспана кілттерін өз қолдарымен табыстап, сый сияпаттарын көрсетті. Сондай ақ, өзге де демеушілер үй жиһаздарын, бүлдіршіндерге арналған киім- кешек, ойыншықтарын сыйлап, көңілдерін марқайтты.

null
Айта кетейік, соңғы екі айдың ішінде Алматы облысында 60-тан аса көпбалалы отбасы демеушілердің көмегімен баспаналы болды.

null

nullnull
nullnullnull

Соңғы жаңалықтар