Алматы облысының Райымбек ауданына жаңа әкім тағайындалды

None
None
  ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Райымбек ауданына әкім болып Жолан Омаров тағайындалды. Бүгін өңір басшысы Амандық Баталов жаңа әкімді аудан активінің отырысында жергілікті жұртшылыққа таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ж.Омаров Жер қатынастары басқармасының басшысы қызметін атқарған.

null  

Жолан Ыбрайақынұлы Омаров 1979 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін заңгер, Қазақ ұлттық аграрлық университетін кадастр бакалавры мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын «КИРЗАВОД-1» ЖШС атқарушы директоры болып бастады. Әр жылдары «КИРЗАВОД-1» ЖШС бас директорының орынбасары, «Алматыжер ҒӨО» ЕМК Алматы филиалы заң секторының маманы, Қаскелең жер-кадастрлық филиалының басшысы, «Алматыжер ҒӨО» ЕМК директорының бірінші орынбасары, директордың міндетін атқарушы, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК Алматы облыстық филиалы директорының міндетін атқарушы, Алматы облыстық жер қатынастары басқармасының бас маманы, облыстық туризм басқармасының бөлім басшысы қызметтерін атқарған. 2014 жылдың тамыз айынан бастап  Алматы облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы болды.

Ал,  Алматы облысы әкімінің өкімімен Жанат Жолдаспекұлы Тәжиев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Райымбек ауданының әкімі лауазымынан босатылды.

Айта кету керек, Алматы облысында кадрлық ауыс-түйіс жүріп жатыр. Түске дейін облыс басшысы Амандық Баталов Панфилов ауданына жаңадан тағайындалған әкімді жергілікті жұртшылыққа таныстырған болатын. Шекара шебінде орналасқан ауданның әкімі  болып Темірлан Бектасов тағайындалды. Ал Панфилов ауданының әкімі болған Бердәулет Ешенұлы зейнеттік жасына жетуіне байланысты аталған қызметтен босатылды.

null 

Соңғы жаңалықтар