USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Алматы облысының прокуратурасы құқық қорғау қызметтері орталығын ашты

2017 жылғы 5 желтоқсан 21:25
Бөлісіңіз:
Алматы облысының прокуратурасы құқық қорғау қызметтері орталығын ашты

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысының прокуратурасы облыс әкімдігінің қолдауымен құқық қорғау қызметтері орталығын ашты. Мұнда «бір терезе» қағидасы бойынша облыс тұрғындарының сапалы көмек алуына мүмкіндік жасалған.

Барлық кеңес беру қызметі тегін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null

Салтанатты шараға Алматы облысының әкімі А. Баталов, құқық қорғау органдарының басшылары, қоғамдық ұйымдар, прокуратура органдарының ардагерлері қатысты. Облыс прокуроры А.Жылқыбаев, бұл Орталық 100 нақты қадам Ұлттық жоспарында құқықтық қызметтерді бір орынға интеграциялау талабы аясында ашылып жатқанын атап өтті.

null

Аталған орталықта азаматтардың құқықтық мәселелері бойынша сұрақтармен тәжірибелі прокурорлар айналысатын болады. Азаматтардың өтініштерін қарауды тиімді ұйымдастыру үшін адвокаттар, медиаторлар, нотариустар қызмет көрсетеді.

null

«Облыс прокуратурасына жыл сайын 11 000-нан аса арыз түседі. Біразы біздің құзіретке жатпағандықтан, біз оларды басқа органдарға жолдаймыз. Енді бұл мәселе шешілді. Барлық органдар жиналып, халықтың сұрақтарын шешетін боламыз. Егер сотта шешілетін сұрақ болса адвокаттар талап арыз жазуға көмек береді, дау-дамайды сотсыз шешуге медиаторлар қолұшын созады»,-деп атап өтті облыс прокуроры А.Жылқыбаев.

null

Орталықтың негізгі міндеті - шағымдарды жедел шешу, азаматтардың құқық қорғау және мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыру, әкімшілік кедергілер мен бюрократияны жою болып табылады.

null null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT