Алматы облысының прокуратурасы 7 мыңнан астам баланың құқығын қорғады

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысының прокурорлары 7 420 баланың конституциялық құқығы мен 956 кәсіпкердің заңды мүддесін қорғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство мәліметінше, Алматы облысының кәсіпкерлері, мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін ұйымдастыру бойынша 2 жастан 3 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуге мемлекеттік тапсырыс шеңберінде балабақшаларды қаржыландырудың болмауы туралы мәселені бірнеше рет көтерген.

«Мәселенің өзектілігін ескере отырып, облыс прокуратурасы және Кәсіпкерлер палатасы мұны бизнестің жүйелі проблемаларының тізіліміне енгізді. Қалыптасқан жағдайды жергілікті атқарушы орган «Сапалы білім» ұлттық жобасының нормалары бойынша бірінші кезекте қаржыландырумен 3 - 6 жас аралығындағы балалар қамтылғанын түсіндірді. Сондықтан қолданыстағы 956 жеке балабақша 2 жастан 3 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік тапсырыспен қамтамасыз етілмеген. Осы себепті 2-3 жастағы балалардың едәуір саны үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру қолжетімсіз болып қалды. Өйткені барлық ата-ананың балабақшаға айына 40-тан 50 мың теңгеге дейін ақы төлеу мүмкіндігі болмаған», - деп хабарлады Алматы облыстық прокуратурадан.
Облыс прокуратурасының қадағалау актісі бойынша 2 жастан 3 жасқа дейінгі 3 710 баланы тәрбиелеуге және оқытуға 2,1 млрд теңге көлемінде қаражы бөлінді. 2023 жыл ішінде бөлінген ақшаның жалпы сомасы 7 420 бала үшін 4,3 млрд теңге болады.
Осылайша, прокурорлар 7 420 баланың конституциялық құқығы мен 956 кәсіпкердің заңды мүдделерін қорғады


Соңғы жаңалықтар