Алматы облысының полициясы жол бойында көкпар тартқандарды іздестіріп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысы ІІД Қарасай ауданындағы жол апатына байланысты тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Көкпаршылардың бірі жеңіл көліктің әйнегін сындырып, бамперін қиратқан болатын.

Облыстық ІІД таратқан ақпаратқа сәйкес, аталған дерек Қарасай аудандық ішкі істер басқармасында тіркелген. «Ойынға қатысқандар мен ұйымдастырушылар іздестіріліп жатыр. Олар табылған соң өз әрекеттеріне қарай жауапкершілікке тартылатын болады», - деді баспасөз қызметінен.

Айта кету керек, Алматылық Анастасия Кулакова әлеуметтік желідегі парақшасында жол үстінде көкпар тартқандардың бірінің көлігін зақымдағанын жазған болатын.

Жылқының тұяғы көліктің капоты мен алдыңғы әйнегін, бамперін сындырып жіберген.

«29 шілде күні 19:45 шамасында Қарғалы елді мекенінің ішімен келе жатқанмын. Жол үстінде көкпар тартқан бірнеше атты кездесті. Көлікті тоқтатуға мәжбүр болдым. Сол кезде көкпаршылардың бірінің атының аяғы көлігіме тиіп, капот, бампер, алдыңғы әйнек сынды», - деді Анастасия Кулакова.

Соңғы жаңалықтар