Алматы облысының полициясы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты видеоролик таныстырды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының полициясы зорлық-зомбылыққа қарсы күрес туралы әлеуметтік роликті таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысының Полиция департаменті қызметі барысында қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларына ерекше назар аударады. Осыған орай, тұрақты негізде ең өзекті тақырыптарға бейнероликтер әзірленеді. Полиция бүгінгі таңда өзекті қоғамдық проблемалардың бірі – отбасылық-тұрмыстық қатынастағы зорлық-зомбылық екенін атап өтті.

«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында полицейлер әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға және жолын кесуге, ана мен баланы қорғауға, отбасының қоғамдағы рөлін нығайтуға бағытталған шаралар қабылдауда.

Сонымен қатар, полиция отбасы-тұрмыстық қатынастардағы зорлық-зомбылыққа қарсы күрес мәселелері бойынша зорлық-зомбылықтың құрбаны болған адамдар жүгіне алатын «тікелей желі» телефондарын хабарлады (13-01), 8 (7282) 28-00-05.


Соңғы жаңалықтар