Алматы облысының полиция департаментіне жаңа бастық тағайындалды

None
None
ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат – Алматы облысы полиция департаментінің бастығы болып Бауыржан Аленов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша және ІІМ министрінің бұйрығына сәйкес, Аленов Бауыржан Төлегенұлы Алматы облысы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды», - делінген Алматы облысы әкімдігінің хабарламасында.

Бауыржан Аленов 1976 жылы 8 қарашада Ақмола облысында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 1997 жылдың мамыр айынан бастап қызмет етеді. Ол бұл лауазымға тағайындалғанға дейін Іішкі істер министрлігінің жедел қызмет департаментінің бастығы болған.


Соңғы жаңалықтар