Алматы облысының Полиция департаменті Елбасы туралы суреттер көрмесін ұйымдастырды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Полиция департаментінің ғимаратында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай суреттер көрмесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көрмеге Елбасының суреттері, оның туған жерінің көріністері, оқыған және қызмет атқарған орындарда түсірілген фотолар қойылды.

«Бүгінгі көрме жас қызметкерлерге патриоттық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылды. Бұл жерде Елбасының тұлғасын кеңінен ашатын, оның тәуелсіз еліміздің дамуына қосқан сүбелі үлесінен сыр шертетін суреттер қойылды. Көрмені тамашалауға облыстық Полиция департаментінің қызметкерлерімен қатар, жақын орналасқан аудандық және қалалық полиция бөлімшелерінің жас қызметкерлері шақырылды. Оларға мемлекетіміздің даму жолындағы тұңғыш Президент рөлі туралы ақпарат берілді»,- деді Алматы облысы ПД бастығының орынбасары Ораз Жолдасов.

Жас қызметкерлер Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Алматы облысында дүниеге келгенін мақтан тұтатындарын жеткізді. Елбасының өмірімен жете танысқан олар еңбек пен табандылық, асқақ арман биіктерді бағындыруға мүмкіндік беретіні туралы ой түйді.


Соңғы жаңалықтар