+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Алматы облысының полицейлері мəңгілік алау жақты

2017 жылғы 23 маусым 21:26
Бөлісіңіз:
Алматы облысының полицейлері мəңгілік алау жақты

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының полиция қызметкерлері үшін салтанатты күн ішкі істер саласында ерлікпен қаза тапқан қызметкерлері ескерткішінің алдында мәңгілік алау жағумен басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.



«Тәуелсіздік жылдарында Алматы облысында қызметтік міндетін атқару барысында 30-дан астам қызметкер қаза болды. Олар біздің есімізде мәңгілік қалады. Сондай-ақ, бүгін біз Қазақстан полициясының дамуына өз үлесін қосқан, аты аңызға айналған генерал Әбдіқадыр Болсамбековтың мүсінін аштық», - деді Алматы облысы ІІО-ның ардагері Б.Молдабеков.

Кәсіби мерекені тойлау жас қызметкерлердің ант қабылдауымен жалғасты. 25 қызметкер Отанына адал қызмет етуге ант берді.

Сонымен қатар, осы күні Алматы облысына жұмыс сапарымен ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының делегациясы келді.

Делегацияны Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Ләззат Тұрлашов қабылдады.

Ресми кездесудің негізгі мақсаты екі республика арасында экстремизмге, есірткі бизнесіне, заңсыз көші-қонға қарсы күрес мәселелері бойынша келісім жасасу болып табылады.

«Экстремизмге, есірткі бизнесіне, заңсыз көші-қонға қарсы күрес мәселелері бүгінгі күні барлық мемлекеттер үшін өзекті. Қылмыстың шекарасы жоқ. Сондықтан да, қауіпсіздікті нығайту мақсатымен біз көрші мемлекеттермен келісім жасаудамыз. Бұл ынтымақтастық тек қана қауіпсіздікті күшейтіп қана қоймай, сондай-ақ, қылмыспен күресуде тәжірибе алмасуға себеп болады. Өткен жылы біз ҚХР-ға іссапармен бардық. Біздің олардан үйренеріміз көп», - деп өзінің баяндамасында Алматы облысы ІІД бастығы Мұрат Ұрұмханов атап өтті.

Көрші елден келген қонақтар қаза болған қызметкерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қоюға қатысты. Қорғас полиция бөлімін, ІІД-нің спорт кешенін аралап, Жедел басқару орталығының, Кинология қызметінің жұмысымен танысты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT