Алматы облысының полицейлері қарттарға қамқорлық көрсетті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының полицейлері өздерін жаңа қырынан танытты. Бар өнерлерін ортаға салып, қарттарға құрмет көрсетті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Текелі қаласындағы «Шапағат» қарттар үйіне арнайы барған тәртіп сақшылары жанды дауыста ән шырқап, күмбірлетіп күй орындап, жабырқаулы жандарға керемет әсер сыйлады. Қарттар үйінің тұрғындары өз кезегінде тәртіп сақшыларына қошемет көрсетіп, алғыстарын білдірді. Полицейлерді жиі келіп, өнер көрсетіп тұруға шақырды.

Айта кету керек, игі шара Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «25 қайырымды іс» акциясы аясында ұйымдастырылды. Бұған дейін Алматы облысының Ішкі істер қызметінің өкілдері бірнеше мекемеге арнайы барды. Оның ішінде «Айналайын» балалар үйі, Аналар үйі, «Қамқор» мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орталығы да бар. Жуырда ғана олар «Қамқор» үйінің 25 тәрбиеленушісін кинотеатрға апарып, тосынсый жасады. Соңғы бірнеше жылда аймақ полицейлері «Қамқор» тәрбиеленішулерін қамқорлығына алып, көмек көрсетуді дәстүрге айналдыруда.
null  

Соңғы жаңалықтар