Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.36 EUR 424.47
RUB 5.88 CNY 54.95
Jańalyqtar

Алматы облысы: Екі жыл іздеуде жүрген күдікті қолға түсті

2019 жылғы 24 сәуір 03:00 621
Бөлісіңіз:
Алматы облысы: Екі жыл іздеуде жүрген күдікті қолға түсті

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысының полицейлері екі жыл іздеуде болған күдіктіні қолға түсірді. Оқиға  Қапшағай қаласында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанай облысында бір топ жылқыны ұрлағандар ұсталды Түркістан облысында заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдіктер анықталды

Жаңа стадион маңында қыдырып жүрген отбасы бір топ жастың дауласып жатқанын байқайды. Көліктеріне мініп, жылдам кетіп қалуға әрекеттенген кезде екі рет мылтық атылып, бытыраның қаңғырған оғы алдыңғы орындықта отырған 10 жастағы жасөспірім қыздың басына тиеді. Ата-анасы оны жедел түрде қалалық ауруханаға жеткізген.

«Осы бұзақылық дерегіне қатысы бар деген күдікке ілінген 1990 жылғы Талдықорған қаласының тұрғынына іздеу жарияланған. «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында күдікті Алматы қаласында ұсталып, Қапшағай қаласы полициясының уақытша ұстау оқшаулағышына қамауға алынды»,- деп мәлімдеді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабына орай сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Зардап шегуші жасөспірім дәрігерлер көмегінен кейін үйіне жіберілді.

 

 

 

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
MURAǴAT