Алматы облысының полицейлері балаларға тосын сый жасады
2016 жылғы 15 желтоқсан 20:13

Алматы облысының полицейлері балаларға тосын сый жасады

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының полицейлері балаларға тосын сый жасады. Олар Талдықорған қаласындағы облыстық мамандандырылған балалар үйінің тәрбиеленушілеріне түрлі сыйлықтар тарту етіп, шат-шадыман көңілге бөледі, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null
Аталған мекемеде жаңа туған және 4 жас аралығындағы балалар тәрбиеленеді. Барлығы ата-ана қарауынсыз қалғандар. Бүгін осы сәбилер үшін ерекше күн болды. Ішкі істер саласының қызметкерлері жәудір көздердің көңілін көтеру мақсатында сайықмазақтарды шақырып, түрлі қойылым мен ойындар ұйымдастырды. Өз кезегінде балалар үйінің тәрбиеленушілері қонақтарға өнерлерін көрсетті. Балалар үйінің бас әдіскері Сүлейменова Гүлжан Сейітқызы ұйымдастырушыларға шексіз алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тілеп, Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесімен құттықтады.

null

Аталған шара Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «25 қайырымды іс» акциясы аясында ұйымдастырылды. ІІД-нің қызметкерлері ұйымдастырған акция облыстың барлық елді мекенінде өтті. Аясында ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға және мүгедек жандарға, ардагерлер мен қарттарға, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетіліп, қуанышқа бөленді.

Облыстың полицейлері осынау игі шараны дәстүрге айналдырмақ ниетте.

null

Jańalyqtar

MURAǴAT