Алматы облысының полицейлері алаяқтық жасады деген күдіктінің суретін жариялады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының полицейлері алаяқтық жасады деген күдіктінің суретін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысы ПД Баспасөз қызметінің мәліметінше, Көксу ауданы Полиция бөліміне 37 жастағы жергілікті тұрғын алаяқтық дерегі бойынша арызданды. Осы қылмыстық құқық бұзушылық дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Тәртіп сақшылары тергеу барысында 1990 жылы туған азаматтың бірқатар алаяқтық әрекет жасағанын анықтаған. Атап айтқанда, 2017 жылдың қазанында зардап шегушіге жер учаскесінің жалған құжаттарын беру арқылы оның қаржысын заңсыз иемденген. Ал, 57 жастағы кейуананың сеніміне кіріп, үйінің құжаттарын жасап беремін деп ірі көлемде ақшасын алып кеткен.

Жоғарыда аталғандардың негізінде, Алматы облысының полицейлері М. деген азаматтың жымысқы әрекеттерінен зардап шеккендер болса, 8 (7283) 84 23 84 және 8-707-242-75-50 телефондарына хабарласуды сұрады.


Соңғы жаңалықтар