+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Алматы облысының перинаталдық орталығына 16 дана реанимациялық құрал-жабдық сыйға берілді

2021 жылғы 16 қыркүйек 02:32
Бөлісіңіз:
Алматы облысының перинаталдық орталығына 16 дана реанимациялық құрал-жабдық сыйға берілді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - «Аяла» қайырымдылық қоры Талдықорғандағы перинаталдық орталыққа 16 дана реанимациялық жабдық тарту етті. Қайырымдылық шарасы «Өмір сыйлайық» республикалық жобасы аясында жүзеге асырылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбе облысында дәрігер тапшылығы жоқ – Руслан Хамбаров ШҚО-да ауылға барып жұмыс істейтін 100-ден астам дәрігерге үй беріледі Өткен тәулікте  3673 адам коронавирус індетінен сауықты

Медициналық мекеме 16 бірлік медициналық техника алды. Атап айтқанда 1 ашық реанимациялық жүйе, 5 фетальды монитор және 10 фототерапия шамдары бар.

Құрылғылар қордың тұрақты демеушілері мен қарапайым халықтың жинаған қаржысы, сондай-ақ белгілі бір мерзім ішінде ұйымдастырылған арнайы акция барысында жиналған қаражатқа алынды.

«Біздің басты міндетіміз - әрбір отбасының дені сау балалы болуына көмектесу. Сондықтан біз емдеу жұмыстарын орталықтың қабырғасындағы барлық босанудың аман-есен өтуіне және барлық балалардың дені сау тууына бағыттаймыз. Біз реанимация бөліміне құрал-жабдықтар сатып алуға көмектескен «AYALA« қорына және барлық қазақстандықтарға алғысымызды білдіреміз. Заманауи медициналық технологиялар біздің мамандарға жаңа туған нәрестелерге сапалы көмек көрсетуге, сондай-ақ перинаталдық шығындар мен бала кезден бастап мүгедектік қаупін азайтуға көмектеседі», - деп атап өтті Алматы облысы Перинаталдық орталығының директоры Қанат Қалиқанұлы Жұмашев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT