Алматы облысының өзен-көлдері қоқыстан тазартылды
2022 жылғы 4 шілде 14:58

Алматы облысының өзен-көлдері қоқыстан тазартылды

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат- Алматы облысының барлық аудан, қаласында «Бірге таза Қазақстан» акциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Акция барсында өзен – көлдердің, су қоймаларының жағалаулары, жол жиектері, аула – көшелер, алаңдар, мәдени демалыс саябақтары қоқыстан тазартылды.

Оған жергілікті тұрғындар, жастар, кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметшілер, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың саяси партиялардың бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, еріктілер белсене қатысты. Атқарылған жұмыстарың нәтижесінде қордаланған қоқыстар сұрыпталып, тиісті мекемелердің арнайы автокөліктерімен белгіленген тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарына төгілді.

«Акцияның мақсаты - жерімізді қоқыстардан тазарту, тұрғындардың экологияға деген көзқарасын өзгерту, оларды табиғатты қастерлеуге, қадірлеуге, жанашырлық танытуға насихаттау»,- деп атап өтті Алматы облысы бойынша экология департаментінің өкілдері.


Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT