Алматы облысының моноқаласында су электр станциясы салынады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Текелі моноқаласында тағы бір су электр станциясы салынады. Қуаты 25,8 МВт электр кешені Шажа өзенінің маңынан бой көтермек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа нысанның құрылысы 2018 жылы басталып, 2021 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Аталған жобаға 9 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылмақ. Бұл жөнінде Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаев шаһар тұрғындары алдындағы есебінде мәлім етті. 

Айта кету керек, 2017 жылдың 6 желтоқсанында Текелі қаласында 28 МВт «Қора» су электр станциясы іске қосылған болатын.  Осылайша Текелінің тау өзендері Президенттің «Жасыл экономика» саясатын жүзеге асырып, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына оң септігін тигізуде. Жалпы 2025 жылға дейін  Алматы облысында электр станцияларының жалпы саны 98 ге жетіп, 3700 МВт қуат өндіру жоспарлануда.  Жобаны жүзеге асыру үшін су, жел, күн және биологиялық қалдықтар пайдаланылмақ. Жалпы  қазіргі таңда Алматы облысында 21 үлкенді-кішілі электр станциясы жұмыс істеп тұр.

Соңғы жаңалықтар