Алматы облысының мектеп, балабақшаларында тыйым салынған өнімдер анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысында 2018 жылы мектеп, балабақша асханаларын тексеру кезінде, тыйым салынған өнімдерді дайындау және өткізу фактісі анықталды. Бұл турлы Алматы облыстық Қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті хабарлады.

Нақтырақ айтқанда: Талғар ауданында № 17, № 23 орта мектеп асханаларында фаст-фудтарды (гамбургер, хот-дог, пицца) өткізуге; Қапшағай қаласында мектепке дейінгі шағын орталығы бар № 5 орта мектеп асханасында кондитерлік өнімдер-шоколадтар («Сникерс», «Кит-Кат», «Милки-Уэй»), № 6 орта мектеп буфетінде қаптамадағы тәттілерді (шоколад, кекс, печеньелер) өткізуге, № 2 орта мектеп асханасында фаст-фудтарды дайындап өткізуге; Талдықорған қаласындағы № 5, № 21 орта мектеп асханаларында кремді-кондитерлік және кулинария өнімдері (пирожные) және қаптамадағы тәттілер, үй жағдайында дайындалған консервіленген қияр, субөнімдер және тәтті алкогольсіз сусындарды, № 12, № 13 орта мектеп асханаларында қуырылған құймақ, ащы тұздық, кетчуптарды өткізуге, № 42 балабақша асханасында термиялық өңделмеген қаймақты пайдалануға жол берілген.

Осы анықталған кемшіліктер бойынша жауапты тұлғаларға 372775 теңге көлемінде 11 айыппұл салынып, тыйым салынған тағамдар сатудан алынып, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ҚР заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы 11 ұйғарым берілген. Сонымен қатар мектеп асханаларын жалға алушылармен түсіндірме жұмыстары жүргізілген.

«Осы орайда тұрғындар, ата-аналар және оқушылар! Сіздер мектеп асханаларында тыйым салынған өнімдерді дайындау және өткізу фактісі анықталған жағдайда, Сіз Алматы облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне (мекен-жайы: Талдықорған қаласы, Сланов көшесі 85А) және оның құрылымдық бөлімшелеріне немесе [email protected] электрондық мекен-жайына жүгінуге құқылысыз»,-делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар