Алматы облысының мәслихат төрағасы лауазымына Талғат Байеділов сайланды

None
Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Алматы облысының мәслихат төрағасы лауазымына Талғат Байеділов сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Талғат Байеділов 1976 жылы 16 маусымда Алматы облысының Кеген ауданы Кіші-Жалаңаш ауылында дүниеге келген.

Ол 1992-1994 жылдары Алматы облысы Кеген ауданы Тоғызбұлақ колхозының колхозшысы, 1999-2001 жылдары «Қазақстан Темір жолы» РМК «Алматы» қаржы-экономикалық орталығының есепшісі, 2001-2002 жылдары осы орталықта салық есебі және бақылау бөлімінің экономисі қызметтерін атқарды.

2002-2005 жылдары «ICS» Inspektion and Control Cervice Kazakshtan» ЖШС-нің инспекторы;

2006-2008 жылдары «Қазпошта» АҚ Іле аудандық пошта байланысы торабының бастығы,

2008-2010 жылдары Райымбек ауданының Қарабұлақ селолық округінің әкімі;

2010-2011 жылдары Райымбек ауданы әкімі аппаратының жетекшісі;

2011-2018 жылдары Райымбек ауданы әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарды.

2018 жылдан осы уақытқа дейiн Алматы облысы Кеген ауданының әкімі қызметінде болды.

Айта кетейік, Алматы облыстық мәслихатқа 38 депутат сайланды.



Соңғы жаңалықтар