Алматы облысының құтқарушылары Шығыс Қазақстанға аттанды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысынан 19 құтқарушы Шығыс Қазақстан облысына аттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы облыстық ТЖД 19 құтқарушысы кеше кешкісін жолға шықты. Олар  көмек көрсетуге және  су тасқыны салдарымен күресуге аттанды. Мамандармен қоса, 3 арнайы техника, 15 мотопомпа, қажетті құрал-жабдықтар мен техникалар. сүңгуірлердің киімдері де жіберілді», - деп мәлім етті облыстық ТЖД баспасөз қыземтінің өкілі Азамат Жұртбаев.

Маманның сөзінше, 19 құтқарушы 14 күндік азық-түлікпен қамтамасыз етілген.

Айта кету керек, Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха және  Глубокое аудандарында жергілікті ауқымда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған болатын.  https://kaz.inform.kz/news/shko-nyn-glubokoe-audanynynda-totenshe-zhagday-zhariyalandy_a3196677

Соңғы жаңалықтар