Алматы облысының коттедж қалашығында топырақ көшкіні жүрді

None
ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат- Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында орналасқан «Бурабай» коттедж қалашығында топырақ көшкіні болды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, кезекші пультіне 27 ақпан күні сағат 09:50-де Талғар ауданы Бесағаш ауылының «Бурабай» коттедж қалашығында топырақ көшкіні түскені туралы хабар түсті.

«25-26 ақпан аралығында қар аралас жаңбыр жауып топырақ батпақтанып, нәтижесінде тау баурайынан Баянауыл көшесіндегі екі жеке тұрғын үйді лай көшкіні басып қалды.Топырақ үйлердің бірінің терезесіне зақым келтіріп, ішкі бөлмелерге кірді. Екінші үйдің қабырғаларында жарықтар пайда болды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаменті, «Қазселденқорғау» ММ, Жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жіберілді. Оқиғаның нақты себебін және келтірілген залалды анықтау жөніндегі комиссия құрылды»,- деп хабарлады ведомстводан.

Түскен топырақтың болжамды көлемі 360 текше метр.

Видеодан алынған кадр instagram.com/kris_p_talgar


Соңғы жаңалықтар