Алматы облысының «Көшбасшы» жастары марапатталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы әкімінің «Көшбасшы-2018» жастар сыйлығының иегері анықталды. Аталған байқауға 200-ге жуық жас қатысып, 19-ы үздік деп танылды. Жеңімпаздарды  өңір басшысы Амандық Баталов құттықтап, әр қайсысына 250 мың теңгенің ақшалай сыйлығы мен естелік статуэтка табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null
Көшбасшы жастардың ішінде  «Үздік  жас журналист» номинациясын Жетісу телеарнасының тілшісі Мәдина Берікова жеңіп алды. Ал «Үздік  жас мемлекеттік қызметші» аталымы Алматы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманы Сәкен Түкібаевқа бұйырса,  «Үздік жас әскери қызметші» - Іле ауданы 2177 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Ришат Дантаев, «Үздік жас кәсіпкер» - «Qprint» полиграфиялық полиграфиялық қызмет көрсету орталығының директоры Диас Қилыбаев, «Үздік  жас спортшы» - Талдықорған заң колледжінің 3-курс студенті Анель Құдайберген, «Үздік жас өнерпаз» - Жамбыл ауданы «Сүйінбай сазы» фольклорлы - этнографиялық ансамблінің жеке дауыстағы әншісі Ақбота Серікболова, «Үздік  жас ғалым» - І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің докторанты Бархудар Гусенов.

«Ауыл шаруашылығының үздік жас маманы» - Қарасай ауданы «Қазақ  егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» ЖШС-нің  кіші ғылыми қызметкері Рахия Елназарқызы, «Үздік  жас отбасы» - Козбековтар отбасы, «Үздік  жас дәрігер» - Еңбекшіқазақ ауданының орталық аруханасының терапевт дәрігері Азамат Аубакиров, «Үздік  жас ұстаз» - І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің оқытушысы Азамат Тлеубаев.

null
«Үздік ерікті» - Алматы облысы пікір-сайыс одағының төрағасы Ержан Даулетбаев, «Үздік студент» - Панфилов ауданы Жаркент гуманитарлық -техникалық колледжінің студенті Айжан Тұрғанбаева, «Жас  батыр» - Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің 3-курс студенті Ельдар Абдиев, «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының үздік сарбазы - І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің 2 курс білімгері Меліс Аукенов. 

null
«Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының үздік көшбасшысы - Талдықорған қаласы, №14 орта мектептің 9-сынып оқушысы Бауыржан Қадырханов, «Үздік жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы» - Ақсу ауданы Қапал ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы Мейрамбек Рахимбаев, «Аудандық жастар ресурстық орталығының үздік маманы» - Сарқан ауданы жастар ресурстық орталығының жетекшісі Аслан Күбентаев және «Жастар үкіметтік емес ұйымының  үздік көшбасшысы» номинациясына «Алматы облысы студенттерінің одағы» ЖҚБ төрағасы Елдар Сапаров лайық деп танылды.

«Биылғы «Көшбасшы» сыйлығын тапсыру ерекше жағдайда өтіп отыр.

Президентіміз «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында 2019 жылды  «Жастар жылы» деп жариялап, 13 қарашада тиісті жарлыққа қол қойғаны белгілі. Баршаңызды осы тарихи оқиғамен шын жүректен құттықтаймын. Президентіміздің тапсырмасына орай облысымызда жастар саясатының жемісті жүзеге асуы ерекше бақылауда. Бұл бағытқа бөлінетін қаржы көлемі жылдан жылға артып, 2018 жылы 565 млн. теңгені құрады. Елімізде алғашқылардың бірі болып, Талдықорғанның төрінен Жастарға қызмет көрсету орталығы салынды. Жастарға қызмет көрсету,  коворкинг және тағы да басқа алаңдар құрылып, жастардың бас қосып, өз мәселелерін шешуге мүмкіндік алды», - деді «Көшбасшы» жастарды құттықтаған облыс әкімі Амандық Баталов.

Айта кетейік, «Көшбасшы-2018» байқауында 14 пен 29 жас аралығындағы Алматы облысының жастары қатысады. Шараның мақсаты мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырып, жастардың қоғамдағы беделін арттыру, түрлі салада қызмет етіп, көптеген нәтижелерге қол жеткізгендерді  ынталандыру. 

Жалпы бүгінгі күні Жетісу жерінде  418 мыңнан астам жас бар, олардың 332 мыңы ауылдық жерлерде тұрады.

Соңғы жаңалықтар