+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Алматы облысының көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға 400 млрд теңгеден астам қаржы жұмсау жоспарлануда

2016 жылғы 10 қараша 17:12
Бөлісіңіз:
Алматы облысының көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға 400 млрд теңгеден астам қаржы жұмсау жоспарлануда

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - 2020 жылға қарай Алматы облысының көлік инфрақұрылымы толықтай шешімін табады. Осы мақсатқа 400 млрд теңгеден астам қаржы жұмсау жоспарлануда. Бұл жөнінде Алматы облысындағы іссапар барысында бірінші вице-премьер Асқар Мамин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде Алматы-Талдықорған тас жолының құрылысы аяқталуға жақын.

null

«Мегаполис пен облыс орталығының ара қашықтығы жақындай түсті. Бұған дейін жолаушылар 5 сағаттан артық жол жүрсе, қазір жолдың арақашықтығы 2-2,5 сағатқа дейін қысқарды», - деп атқарылып жатқан жұмыстардың жай-жапсарымен Амандық Баталов таныстырды.

null

Өз кезегінде Асқар Мамин «Алматы-Талдықорған» тас жолының аяқталып, халықтың игілігіне берілуі Тәуелсіздіктің 25 жылдығына тамаша тарту екенін атап өтті.

Қазіргі таңда «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Алматы-Өскемен тас жолының 112 шақырымына құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 3 мердігер компания, 750-ге жуық техника мен 1300-ге тарта адам еңбек етуде. Аталған жобалардың жүзеге асуына 20,2 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Сапар барысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Талдықорған қаласындағы 7-ықшам ауданда да болды. Жаңадан бой көтерген аймақта бірнеше нысандар салынуда. Алдағы уақытта 1200 оқушыға арналған мектептің құрылысы басталады.

Жалпы, жаңа ықшам аудандарда 21 мыңнан аса халық тұрады деп күтілуде. Ал қазір талдықорғандықтардың саны 168 мыңға жуықтап қалды.

null null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT