Алматы облысының Көксу ауданында жерлестер кездесуі өтті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Көксу ауданында жерлестер бас қосты. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында кездескен аудан тумалары туған жерінің гүлденуіне үлес қосуға дайын екендіктерін жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Киелі Көксу өңірінде кино актерлар Нұржұман Ықтымбаев, Әлімғазы Райымбеков, ақын-жазушылар Сағындық Тәнеке, Зайда Елғондинова, Нүрила Бектемірова, Әли Ысқақбай, Тұрсын Әбдуәли, өнер иелері Жақып Әбілтаев, Нағима Таласбаева, Дариға Тілендиева, Болат Атабаев, Амангелді Тоқымбетов, Әли Алпысбаев, Сәкен Абдрахманов, Олимпиада чемпионы Мәулен Мамыров сыңды саңылақтар дүниеге келген. 

«Іскер азамат-Ел тірегі» атты жерлестер кездесуінде ауданның әлеуметтік экономикалық дамуына, мәдениеті мен руханиятына өз үлесін қосып жүрген Төкен Егінбаевқа пен Досанғали Дауылбаевқа «Көксу ауданының Құрметті Азаматы» атағы берілді. Жалпы осы атақ бүгінгі күнге дейін 261 адамға берілген. 

Жерлестер ақылдаса келе ауданымыздағы халықтың тұрмыс-тіршілігін және денсаулығын жақсарту мақсатында бүгінгі күнге дейін жүзеге аспай тұрған 10-нан аса жобаға көмек көрсетеміз деп уағдаласты. 

Мәселен «Кең дала» шаруа қожалығының жетекшісі Қалибек Алпысбаев Мәулімбай ауылындағы 3 көшенің жарықтандыру жұмыстарына қажет 9,4 млн теңгені өз қалтасынан шығаратынын жеткізді. Ал кәсіпкер Қуат Жүнісов құны 7,3 млн болатын аудан орталығында шағын стадион құрылысының қаражатына толығымен көмек көрсететінін айтты

null null 

Соңғы жаңалықтар