+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Алматы облысының Көксу ауданында 19 көпбалалы отбасы баспаналы болды

2019 жылғы 1 желтоқсан 13:13
Бөлісіңіз:
Алматы облысының Көксу ауданында 19 көпбалалы отбасы баспаналы болды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Тұңғыш Президент күніне орай Алматы облысының Көксу ауданында ​ «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 19 көпбалалы отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Балпық би ауылдық округінде көпбалалы және баспанаға мұқтаж​ 10 отбасыға, Мұқаншы ауылдық округінде 3 отбасыға, Мұсабек ауылдық округінде 1 отбасыға, Еңбекші ауылдық округінде 2 отбасыға, Алғабас ауылдық округінде 1 отбасыға, Жарлыөзек ауылдық округтерінде 2 отбасыға пәтер кілті табысталды.​ ​ Көпбалалы аналарға берілген үйлердің ауласы кең, тұрмысқа қолайлы. ​


Қоныстой қуанышына бөленгендердің ​ бірі Ибраимовтар отбасы.

Асымжан мен Ақбілек ​ Ибраимовтар15 жыл бұрын үйленген. 4 баланы дүниеге әкеп, тәрбиелеуде. Олардың бір перзенті туасынан мүгедек. «Үйленгелі бері пәтер жалдап тұрамыз, қаражат жинап баспана алуға еш мүмкіндігіміз болмады.​​ Отағасы Асымжан «Балпық« ЖШС-да жалдамалы жұмыс жасайды. Мен бала тәрбиесімен үйдемін. Кішкентайымыз жаңа дүниеге келді. ​ Отағасының табысы балалардың киімі, азық-түлікпен кетеді. Бүгін міне, баспаналы болып,​ бақытымызға шек жоқ», - деді Ақбілек Ибраимова.

​Айта кетейік, Көксу ауданында жыл басынан ​республикалық бюджеттен 247 млн теңге бөлініп, көпбалалы баспанаға мұқтаж 40 отбасына баспана кілті табысталса, кәсіпкерлердің көмегімен 7 отбасы баспаналы болған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT