Алматы облысының Кербұлақ ауданына жаңа әкім тағайындалды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы әкімінің өкімімен Ғалиасқар Төлендіұлы Сарыбаев Кербұлақ ауданының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ғалиасқар Сарыбаев 1963 жылы туған. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын бітірген. Мамандығы бойынша механик, заңгер.

Еңбек жолын Павлодар зауытында инженер-конструктор болып бастаған.

Әр жылдары Кербұлақ аудандық комсомол комитетінің бөлім меңгерушісі, Гвардия және Кербұлақ аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің директоры, Кербұлақ аудандық жастар ісі, туризм және спорт басқармасының басшысы, Кербұлақ ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы, бөлім меңгеруші, «Отан» қоғамдық ұйымының Орталық кеңесі төрағасының орынбасары, Алматы облысының қоғамдық келісім және ақпарат басқармасының бөлім бастығы, ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары, облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Алматы облысы әкімінің кеңесшісі, облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі қызметтерін атқарды.

2020 жылдың қыркүйегінен – облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы болды.


Соңғы жаңалықтар