Алматы облысының кәсіпкері мемлекеттік бағдарлама аясында бизнесін дамытуда

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғандық кәсіпкер «экомақта» құрылыс материалын шығаруды қолға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл өнім негізінен жеке үйлер, қоғамдық, коммерциялық және өндірістік ғимараттар мен ауылшаруашылық құрылысында дыбыс өткізбеу, жылу сақтау  мақсатында қолданылады.

«Бизнесте бір орында тоқтап қалмай, мемлекеттік қолдаудың көмегімен өндіріс саласына да бет бұруды ойладым. «Даму» Қорына келіп «Даму-Өндіріс» мемлекеттік бағдарламасы бар екенін біліп, толық мәлімет алдым. Бүгінгі күні «Экомақта» кұрылыс материалын шығару өндірісін сәтті жүргізіп отырмын»,- дейді Григорий Красноусов.

Бұл Григорий Красноусовтың бизнестегі алғашқы қадамы емес. Ол  2006 жылы Талдықорған қаласының орталығында кішігірім дәмхана  ашу үшін ғимаратты жалға алып, бизнес бастаған. Ақырындап өз кәсібін жолға қойып, ипотекалық несие арқылы нысанды сатып алды. Кафесінің жұмысы жанданып, пайда таба бастаған соң несие арқылы азық-түлік дүкенін сатып алды.  Ал кәсіпкер жаңа  кәсібін «Жеке кәсіпкер Триумф» деп атап, қайта өңдеу өнеркәсібі бағдарламасы аясында өндіріс құралын алу үшін 6 пайызбен Центр Кредит Банкінен несие алды.

Соңғы жаңалықтар