ФУТБОЛДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ-2022

Алматы облысының қаржы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

2022 жылғы 3 қазан, 19:31
Алматы облысының қаржы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат – Алматы облысы әкімінің өкімімен Бибігүл Төкенқызы Ұзақова облыстық қаржы басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бибігүл Ұзақова 1975 жылы туған. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін «Экономист» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы Алматы облысы қаржы басқармасының жетекші маманы болып бастаған. Әр жылдары Алматы облысы қаржы басқармасының жетекші маман-бухгалтері, бас маманы, сектор меңгерушісі, бөлім бастығының орынбасары, Алматы қаласы қаржы басқармасының бас маманы, бөлім бастығы, Алматы қаласы экономика және бюджетті жоспарлау, қаржы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары бастығының орынбасары, Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары, «Eco Almaty» ЖШС директорының орынбасары лауазымдарын атқарған.

2021 жылдың қазан айынан бастап осы уақытқа дейін «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ бас-эксперт аудиторы лауазымында болды.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar