Алматы облысының Қаратал ауданына жаңа әкім тағайындалды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы әкімінің өкімімен Ерлан Шойұлы Исабеков Қаратал ауданының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ерлан Исабеков 1977 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде және «Болашақ» бағдарламасымен АҚШ-тың Джорджтаун университетінде оқып, математик, қолданбалы математика саласының маманы мамандығын және математика, экономика магистрі ғылыми дәрежелерін алған.

Еңбек жолын Алматы қаласындағы № 131 мектеп-лицейінде математика мұғалімі болып бастаған. Әр жылдарда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер министрлігі Сараптама және болжау департаментінің жетекші маманы, бас маманы, бөлім басшысы, Кедендік кірістер департаментінің бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінде бөлім басшысы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас сарапшысы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Жинақтау-сараптама, Методология және талдау, Талдау және есеп, Қаржыны басқаруды мемлекеттік бақылау бөлімдері меңгерушілерінің орынбасары, Жұртшылықпен байланыс және сыртқы байланыстарды үйлестіру бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің инспекторы қызметтерін атқарды.

2018 жылдың сәуірінен осы уақытқа дейін Ақмола облысы Егіндікөл ауданының әкімі қызметін атқарды.

Айта кетейік, Алматы облысы әкімінің өкімімен Қайрат Найманбайұлы Бұлдыбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қаратал ауданының әкімі лауазымынан босатылды.


Соңғы жаңалықтар