Алматы облысының Қаратал ауданына жаңа әкім тағайындалды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Қаратал ауданына жаңа әкім болып Рауан Рақымбеков тағайындалды. Өңір басшысы Амандық Баталов ауданда өткен жиында жаңа әкімді таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Рақымбеков Рауан Тұрданғазыұлы 1980 жылы туған. 2001 жылы мемлекеттік І. Жансүгіров атындағы Талдықорған университетін «Экология және табиғат пайдалану» мамандығы бойынша, 2008 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
null 

2001 жылдың 7 қарашасынан 2002 жылдың 28 қазанына дейін  Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет атқарған.

Еңбек жолын 2002 жылы «Қайнар» ААҚ моноблок құю цехінің  қоймашысы болып бастаған, кейіннен қайта құю корпусының шебері болып жұмыс істеген. Әр жылдарда «Талдықорған қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде жетекші маман, Талдықорған қаласы әкімінің кеңесшісі, Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округінің әкімі болып қызмет еткен. 2013 жылдың қаңтар айынан бастап Текелі қаласы әкімінің орынбасары болды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қаратал ауданының әкімі қызметін Қайрат Бисембаев атқарды. Үш жыл бойы ауданға басшылық еткен Қайрат Әшірәліұлы Бисембаевтың жұмысын жоғары бағалаған Амандық Ғаббасұлы оған  шынайы алғысын білдірді.
null 

Соңғы жаңалықтар