Алматы облысының қант өндірушілері бәсекелестік заңнамасын бұзған

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті қанттың өндіру және сату нарығына талдау жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш ведомоствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талдау жүргізу барысында қант өндірушілердің іс-әрекеттерінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзу белгілері анықталды.

Соның негізінде Департамент ҚР КК 170-бабына сәйкес 8 сәуірде 2 қант өндірушіге –«Ақсу Кант» ЖШС және «Көксу қант зауыты» ЖШС-не қатысты хабарлама шығарды.

Хабарламаны орындау мерзімі 30 күнтізбелік күнді құрайды.


Соңғы жаңалықтар