Алматы облысының халқы жарық пен жылуға 1,2 млрд теңге артық төлеген

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының тұрғындары жарық пен жылуға 1,2 млрд теңге артық төлем жасаған. Енді тұтынушылардың артық коммуналдық төлемдері өздеріне қайтарылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, прокурорлық тексеріс шеңберінде шығындарды заңсыз асыра көрсету, тарифтік сметаға негізделмеген шығындарды енгізу, сонымен қатар инвестициялық бағдарламаларды орындамау фактілері анықталған. Яғни, заң бұзушылықтар төрт компанияның  қызметінде орын алған. Олар - «Жетысу энерготрейд» ЖШС, «Талдықорған акционерлік тасымалдаушы электр желілік компаниясы» АҚ, «Талдықорған жылу сервисі» МКК және «Қапшағай жылу» МКК. Мәселен, «Талдықорған жылу сервисі» МКК 372,3 млн теңгеге қызмет көрсету мен желілерді жөндеуді тарифке негізсіз қосқан. Прокурорлық қадағалау актілері бойынша жылу энергиясына 1 мың теңгеден артық (6 332,68 теңге/Гкалл-дан бастап 5 298,66 теңге/Гкалл-ға дейін) тариф төмендетілді.

Жымқыру және талан-таражға салу фактілері бойынша монополистерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Соңғы жаңалықтар