Алматы облысының халқы астананың жаңа атауына қолдау білдірді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласына жиналған жұртшылық елорданың Нұр-Сұлтан деп аталуын құрметпен қолдауда. Жастар саябағына жиналған жетісулықтардың санында шек жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жастар саябағының орталық алаңына 23 мыңнан астам халық жиналды. Бұған дейін дәл осы алаңға мұнша көп халық жиналған емес. Қолдарына «Елімнің жүрегі-Нұр-Сұлтан», «Қазақстан! Нұр-Сұлтан», «Әсем қала - Нұр-Сұлтан», «Нұр-Сұлтан - Елордам», «Алға, Қазақстан» деген сөздер жазылған плакаттармен шыққан халықтың қарасы қалың. Жетісулықтар Астананың Нұр-Сұлтан деп аталуына осылайша үлкен құрметпен қолдау білдіруде.

«Мен үш баланың анасы ретінде және қарапайым ғана тұрғын ретінде астананың Нұр-Сұлтан деп аталуын шын жүрегімнен қолдаймын. Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ халқына еңбегі сіңді. Елбасының арқасында біздің Қазақстанымыз егемендігін, тәуелсіздігін алып, қазір бейбіт елде өмір сүріп жатқанымыз тікелей Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасы деп білемін. Халқы үшін аянбады. Сондықтан Астананың Нұр-Сұлтан деп аталуы лайықты баға деп білемін», - деді кішкентай баласын көтеріп, Астананың жаңа атауына қолдау білдіруге келген талдықорғандық тұрғын Әсемгүл Бұлымбаева.

null

Астананың Нұр-Сұлтан деп аталуына қолдау білдірген халыққа эстрада жұлдыздары ән мен жырдан шашу шашуда. Олардың қатарында Төреғали Төреәлі, Мәдина Сәдуақасова, Жанар Дұғалова, Әли Оқапов бар. Ал орталыққа жиналған халық әсем әнге билеп, өздерінің көтеріңкі көңіл күйін көрсетуде.

null

null

Соңғы жаңалықтар