Алматы облысының фермерлері бельгиялық әріптестерімен тәжірибе алмасты

None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - 19-21 қыркүйекте Алматы облысының жетекші фермерлік шаруашылықтарының өкілдері Бельгияға барып, агро-өнеркәсіптік кешен саласындағы бірқатар бельгиялық кәсіпорындардың басшылығымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

ҚР Бельгиядағы Елшілігінің қолдауымен қазақстандық фермерлер ірі қара мал тұқымын асылдандыру және ветеринарлық күтім саласындағы озық технологиялармен танысты.

«Бельгиялық ақ-көк» тұқымды жануарлар салмағының жоғарылығымен және ет компонентінің мөлшерімен ерекшеленеді. Бір сиырдың салмағы 1-1, 2 тоннаға жетуі мүмкін.

Жануардың мұндай тұқымы Бельгияда өткен ғасырдың ортасынан бері бар, қазір әлемнің әртүрлі елдерінде кездеседі.

Тұқымның ерекшелігі - етінің майлылығының төмендігінде. Жануарлар жоғары энергетикалық диетада өсіріледі.

Бельгиялық көк және ақ тұқымды бір сиырдан алынатын ет шығымы шамамен 80% құрайды. Сонымен қатар, 7 айдан 13 айға дейінгі асыл тұқымды бұқалардың орташа тәуліктік өсімі тәулігіне 1,6 кг құрайды.

Кездесулер нәтижесінде бельгиялық фермерлердің 2022 жылдың қазан айында Астанада өтетін кезекті «ҚазАгро» көрмесіне қатысуы және Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің мамандарымен кездесулері туралы келісімдерге қол жеткізілді. Сондай-ақ Алматы және Қостанай облыстарындағы шаруа қожалықтарын аралау жоспарланды.


Соңғы жаңалықтар