Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданына жаңа әкім тағайындалды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы әкімінің өкімімен Қуат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Еңбекшіқазақ ауданының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қуат Елеусізұлы Сұлтанғазиев 1975 жылы туған. Білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Салық басқармасының инспекторы, бас инспекторы болып бастады.

Әр жылдарда «Казкоммерцбанк» АҚ Шелек филиалының менеджері, жетекші менеджері, бөлім басшысы, директордың орынбасары, Шелек ауылында «БиК Service», Алматы қаласында «Vita trans» ЖШС-ларының директоры, «Баттал» шаруа қожалығының жетекшісі, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Алматы облыстық филиалының директоры болды.

2020 жылдың ақпанынан осы күнге дейін «Аграрлық несиелік корпорация» АҚ Алматы қаласы филиалының директоры қызметін атқарды.

Айта кетейік, бұған дейін осы Еңбекшіқазақ ауданын басқарған

Әлібек Әскербекұлы Жақанбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Алматы облысы әкімінің өкімімен атқарған лауазымынан босатылды.


Соңғы жаңалықтар