Алматы облысының демалыс орындарына 2 мыңға жуық маман қажет

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында туризм саласында маман тапшы. Биыл Жетісу өңіріне 2 миллионға жуық турист саяхаттайды деп күтілуде. Демалыс орындары мен қонақ үйлерге және басқа да нысандарға 2 мыңдай маман қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір Алматы облысы аумағында төрт кәсіптік колледж қонақ үй әкімшісі, супервайзер сынды кадрларды оқытып жатыр.

Алайда жоғарғы білімді маман даярлайтын оқу орындары жоқ. Сондықтан жастар өзге өңірлерге барып, білім алуға мәжбүр.

Жалпы биыл туризм саласына 40 млрд теңге жеке инвестиция тартылады деп жоспарланған.

Ал Балқаш көлі жағалауын дамытуға, инфрақұрылымын реттеуге мемлекеттен 5 млрд теңге бөлінбек.

Мұнан бөлек тау туризмі кластері, ұлттық табиғи парктер мен Алакөл, Қапшағай көлдерінде ауқымды жобалар қолға алынып отыр.

«Қонақ үй және тамақтану саласындағы қызметкерлерге тапшы болып отырмыз. Сонымен қатар экскурсия жүргізушілер, туризм нұсқаушылары, гидтер, аудармашылар, осындай мамандықтарға бізде Алматы облысының нарығында өте үлкен сұраныс бар»,- деді Алматы облыстық туризм басқармасының басшысы Жанар Алшымбаева.


Соңғы жаңалықтар