Алматы облысының бизнес объектілеріне 8,5 млрд теңгеден аса залал келген

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында бүлік кезінде зардап шеккен 120 кәсіпкер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысында алдын ала есептеулер бойынша келтірілген зиянның жалпы сомасы 8,5 млрд теңгеден асты. Бұл туралы Jetisy ' Media ақпараттық алаңында өткен брифинг барысында белгілі болды.

Бүгінгі таңда Талдықорған қаласында, Қарасай, Жамбыл, Ақсу аудандарында 120-ға жуық зардап шеккен бизнес субъектілері анықталды. Олардың ішінде «Қарағаш» сауда үйі мен 5 дүңгіршек, «Sulpak» тұрмыстық техникасының 3 дүкені, «Technodom» техника дүкені, «Small» супермаркеті, полиция департаменті мен облыс әкімдігінің асханалары, Қарасай ауданында «Апорт» СОО-да 70-ке жуық дүкен мен дүңгіршек және «Алтын орда» базарының 20-ға жуық сауда дүкені, сондай-ақ екі май құю бекеті, Жамбыл ауданында 1 ЖМҚС, Ақсу ауданында 1 кәсіпорын және тағы басқа объектілер бар.

Зардап шеккен кәсіпкерлік субъектілерінің 83 пайызы – шағын және орта бизнес өкілдері, қалған 17 пайызы - ірі бизнес өкілдері.

«Бизнес иелерінің назарын зардап шеккен кәсіпкерлерге залал көлемін одан әрі дәлелдеу үшін уәкілетті органдардан немесе жеке бағалау компанияларынан залал туралы қорытынды алмай, қираған орындарды ретке келтірмеуге кеңес береміз», – деді Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Лаззат Шынғысбаева.

Республикалық деңгейде зардап шеккен бизнесті қолдау қоры «Күшіміз Бірлікте» – «Сила в единстве»құрылды. Қаржылық көмек көрсетуді қалайтындардың барлығы ҰКП сall–орталығы мен Алматы облысы Өңірлік кеңесінің телефондары арқылы хабарласа алады. Комиссия шешкеннен кейін қордың ақшасы объектілері тоналған және бұзылған өңірлердің кәсіпкерлеріне бөлінетін болады.

Қазіргі уақытта халық пен бизнесті қолдау үшін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен жеке және заңды тұлғалардың кредиттеріне байланысты төлемдерді кейінге қалдыруды ұсыну бойынша бұйрық қабылдады, сондай-ақ кредиттердің мерзімі өткен жағдайда айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеуге тыйым салынды және талап-арыз жұмысы тоқтатылды.

Алайда, жағдайға қарамастан, көптеген кәсіпкерлер «Атамекеннің» блокпостардағы әскери қызметшілерді қолдау туралы үндеуіне үн қосты. Талдықорған мен аудандардың рестораторлары, өңірлік кеңестің, кәсіпкерлер кеңестері мен іскер әйелдер кеңесінің, «Вместе мы – сила» кәсіпкерлер қауымдастығының мүшелері блокпосттарды азық-түлікпен, отынмен, дәрі-дәрмекпен және басқа да қажетті құралдармен қамтамасыз етуде.


Соңғы жаңалықтар