+7 (701) 759 90 19
USD 412.10 EUR 454.34
RUB 5.82 CNY 57.62
Jańalyqtar

Алматы облысының батыр-полицейі мемлекеттік наградамен марапатталды

2020 жылғы 7 мамыр 15:35
Бөлісіңіз:
Алматы облысының батыр-полицейі мемлекеттік наградамен марапатталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен полиция майоры Ербол Аманбаев «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Мемлекеттік марапатты салтанатты түрде Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Майор Аманбаевтың ерлігі қызметтік борышын орындауда көрсеткен батылдығы берілді. Ержүрек офицер Алматы облысы Текелі қаласының полиция басқармасында учаскелік полиция инспекторлары қызметін атқарады.

«Өз Отанымның игілігі үшін адал, әрі мүлткісіз қызметіммен қоғамға көп пайда әкеле алатыныма сенімдімін. Полиция қатарында әрдайым азаматтарға көмекке келуге және қылмысқа қарсы тұруға дайын өз ісінің нағыз шеберлері қызмет етеді», - дейді Ербол Аманбаев.

Естеріңізге сала кетейік, учаскелік полицей өткен жылдың қараша айында батылдығымен ерекше көзге түскен. Ол үйдегі өрт туралы көршісінің хабарламасына тез арада әрекет ете отырып, көп пәтерлі тұрғын үйден қарт әйелді алып шығып, қызған газ баллондарды сыртқа шығарған. Жарылыс қаупін жою және оттың одан әрі таралуын болдырмау мақсатында, өрт ошағын жойған батыл полицейдің қолдарын күйік шалған. Алайда, ол қатты ауырсынуды сезінбестен, отты сөндіруді жалғастырып, әріптестермен бірге үй тұрғындарын эвакуациялаған.

Бүгін тәртіп сақшысының барлық туған-туыстары, жақындары және таныстары, жергілікті жастар оны нағыз батыр, әрі батыл офицер ретінде құрметтейді. Өзінің ерекше іс-әрекетімен қарапайым полицей өскелең ұрпақ үшін ерліктің жарқын үлгісін көрсетті.

«Менің орнымда кез келген адам осындай іс-әрекетке баратын еді. Егер дәл осындай жағдай тағы қайталанатын болса, еш ойланбастан осы іс-әрекетімді қайта жасар едім», - деді полиция қызметкері.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Оқиға, Қоғам, ҚР ІІМ, Әскер,
Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT