Алматы облысының бастауыш сынып оқушыларына сабақ болмайды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысында үскірік аязға байланысты бастауыш сыныптарда сабақтар тоқтатылды. Ертең де 0-4 сыныптың оқушылары оқымайды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы облысы бойынша 16 аудан мен 3 қала бар. Яғни, осы 19 аудан мен қаланың 15-інде 0-4 сынып оқушыларына сабақ болмайды. Ауа температурасы -25 градусқа жеткен елді мекендерде  сабақтар тоқтатылды. Ертең де үскірік аяздың сақталуына байланысты  бастауыштың балалары оқымайды», деді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Майгүл Омарова.

Сондай-ақ, Майгүл Тілеутайқызының айтуынша, Қарасай, Райымбек, Панфилов аудандарымен Текелі қаласының мектептері толық режімде жұмыс істеп тұр. Себебі бұл аймақтарда ауа температурасы -25 градусқа жетпеген.

Соңғы жаңалықтар